4 млн пара алғаны үшін 40 млн айыппұл төлейді

Шығыс Қазақстан облысының Тұрғын үй коммуналды шаруашылық және энергетика басқармасы басшысына қатысты үкім қайта қаралды, деп хабарлайды ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

«Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық сот алқасының қаулысымен «Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы» ММ басшысы М.Х.Мұсатаевқа қатысты шыққан ақтау үкімі жойылды. Ол ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда лауазым иелену құқығынан өмір бойына және мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айырылып, 40 млн теңге көлемінде айыппұлмен жазаланды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі М.Х.Мұсатаев жергілікті тұрғыннан 4 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады