4 мыңнан астам қазақстандыққа айыппұл салынды

Биылғы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 54 043 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Олардың 4039- ы жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзған. Мәселен, ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында көлік полицейлері «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызында, яғни жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккен екі ер адамды ұстады. Тексеру барысында, құқықбұзушылардың 1990 және 1992 жылы туылған Алматы қаласы мен Қостанай қаласының тұрғындары екені анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу), әрқайсысына 7575 теңге көлемінде 3 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды