4 сентября 2023 г. 9:20
4 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде күн райы құбылады
Солтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын селдетіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Хабар-24.
Алматы, NEGE. Әсіресе тау етегіндегі елді мекендерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Тек батыс өңірде ғана аспан шайдай ашық болады, - дейді синоптиктер.
Атырау, Ақтөбе және Маңғыстауда әлі де өрт қаупі жоғары.
Ал республиканың солтүстік-батысы, солтүстік және оңтүстік-шығысын күндіз қалың тұман бүркейді.