4 баланың анасы вакцина алғандар арасындағы лотереядан млн доллар ұтты

Төрт баланың анасы колорадолық Хейди Рассел COVID-19-ға қарсы вакцина салғандар арасындағы лотереядан миллион доллар ұтып алды.

Алматы, NEGE. Мамырда губернатор Джаред Полис екпе алғандар арасында өтетін лотереядан бес тұрғын осындай сома ұта алатынын хабарлаған болатын. Ақша иммундау ауқымын арттыру мақсатында штатқа бөлінген федералды қаражаттан беріледі.

«Бұл ұтыс төрт баланы өсіруге көмек болады. Алайда мен осы қаражатпен басқаларға да көмек көрсете аламын деген үміттемін», - деді жеңімпаз CBS телеарнасына.

Отбасының басқа мүшелері де ұтысты өздеріне пайдалы етіп жұмсайтынын айтады. Расселдің сөзіне қарағанда, оның қыздарының бірі осы қаражаттың ішінен өзінің колледждегі оқуының ақысын төлемек.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?