4 ақпанда Алматының Алмалы ауданында су болмайды

4 ақпанда Алматының Алмалы ауданында біреше сағат суық су болмайды, деп хабарлайды «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Алматы, NEGE. 4 ақпан күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 16:00-ге дейін Қарасай батыр – Үлкен Алматы - Райымбек – Брусиловский көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

«Суды өшіру магистраль желілеріне жаңа су құбырларын қосу үшін және желідегі технологиялық құрал-жабдықтарды ауыстыру үш қажет», - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.

Өтінім бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілеріне су жеткізу қамтамасыз етіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр