4 айға карантин жарияланды

Арменияда 2011 жылдың 11 қаңтарына дейін карантин жарияланды.

Алматы, NEGE. Армения үкіметінің шешімімен 2020 жылдың 11 қыркүйегі сағат 17:00-ден 2020 жылдың 11 қаңтары сағат 17:00-ге дейін бүкіл ел бойынша карантин жарияланды.

Мәлім етілгендей, ел Үкіметі бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал күрделі болып қалып отырғанын, Армения Республикасында індет кеңінен таралғанын, сондай-ақ ДДҰ-ның коронавирустың екінші толқыны жөніндегі ескертуін назарға ала отырып, алдын алу шараларын өткізу және халық денсаулығын қорғау мақсатында осындай шешім қабылдаған.

«Бұл шешім жарияланған сәттен бастап күшіне енеді», – делінген хабарламада.