49 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады

Францияның Майен департаментіндегі Шанже коммунасында 49 жолаушы, соның ішінде колледж студенттері мінген автобус жолдан шығып кетіп, 20 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы бейсенбіде BFM телеарнасы мәлім етті.

Алматы, NEGE. Департаменттің префектурасы жол апатында басқа көлік құралдары зақымдалмағанын растады.

Автобус жолдың шетінде аударылып қалған. Автобус жүргізушісі оқиға орнына келген тергеушілерге өзін жаман сезінгенін айтқан.

Полицейлер екі зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады. France Bleu радиостансасының мәліметінше, құтқарушылар екі жарақаттанушыны Лаваль қаласындағы госпитальге жеткізген.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды