49 градус ыстық: Екі жүзге жуық адам көз жұмды

Канаданың батыс бөлігінде бұрын-соңды болмаған ыстықтың салдарынан екі жүздей адам көз жұмды, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Алматы, NEGE. Ауа температурасы Британдық Колумбия провинциясында төрт күн бойы көтеріліп, сейсенбі күні қалалардың бірінде Цельсий бойынша 49,5 градусқа жеткен. Ванкувердің (провинцияның ірі қаласы) өзінде жұмадан бастап жылу соққысының салдарынан 130 өлім тіркелген. Көз жұмғандардың басым бөлігі – егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдар. Канададағы бұрын-соңды болмаған ыстық ауа температурасы 46°С-тан асып, 80 жылдық рекорд орнатты.

Соңғы рет мұндай ыстық 1937 жылы Саскачеван провинциясында тіркелген. Бұған дейін АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі (NWS) Вашингтон мен Орегон штаттарының барлық аумағында, сондай-ақ Калифорния мен Айдахоның көптеген ауданында қатты ыстық болатынын хабарлаған болатын. Мамандар температураның күрт көтерілуін АҚШ-тың солтүстік-батысы мен Канада бөлігінің үстінде пайда болған жоғары қысымды аймақпен түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?