490 адам өмірі және коронавирус

Жаңа коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны сәрсенбі күні 490-ға жетті.

Алматы, NEGE. Коронавирустан алғашқы адам мерт болғанын естігеннен кейін америкалық екі әуе желісі Гонконгқа ұшуын тоқтатты.

Жапондық круиз кемесінде 10 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Кеме қазір карантинде.

Қытайдың Денсаулық сақтау ұлттық комиссиясының хабарламасына сәйкес, сейсенбі күні 65 адам мерт болып, құрлықтағы қаза тапқандардың жалпы саны 490-ға жетті. Олардың көпшілігі вирус пайда болған Ухань қаласы мен оның аймағында тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін