49 жастағы спортшы Бакудегі жарыста алтын жеңіп алды

49 жастағы өзбек гимнастика шебері Оксана Чусовитина Бакуде өткен әлем кубогының екінші кезеңінде жеңімпаз атанды, – деп хабарлады championat.com.

championat.com

Алматы, NEGE. Спортшы төрешілерден 13,516 балл жинады. Екінші орынды словениялық Тея Белак (13,366), үшінші орынды Тьяса Кисселеф (13,283) иеленді.

Оксана Чусовитина – 1992 жылғы Олимпиада чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы. Ол мансабында КСРО, Германия құрамалары атынан шыққан. Өткен жылы спортшы 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуға талпыныс жасайтынын мәлімдеген еді. Егер іріктеліп, Лос-Анджелеске барса, оның тоғызыншы Олимпиадасы болмақ.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр