468 бала коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі таңда коронавируспен ауырып жатқан балалар саны артып отыр.

 Алиаты, NEGE. Коронавирустық инфекциядан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 468 бала бар. Стационарларда 2 991 науқас жатыр, 6 550 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. «Жалпы науқастардың арасында 227 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.