+45ºС: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық болады

Қазақстанның оңтүстігінде алдағы үш күнде +45ºС-қа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

pixabay.com

Алматы, NEGE. «Таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, 25 шілдеде солтүстік-батыста, батыста, шығыста, 26-27 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.

Ауа температурасы күндіз батыста 23 33°С, солтүстік-батыста 15 28°С, солтүстікте 18 28°С, орталықта 25° 35°C градусқа дейін төмендейді. Ал, республиканың шығысында ауа температурасы 25 37°С, оңтүстігінде 35 45°С, оңтүстік-шығыста 35 43°С дейін көтеріледі. 

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр