4,5 мың отандасымыз Мальдив аралдарында демалған

Мальдив аралдарында тыныққан туристердің саны бойынша қазақтандықтар көшбасшылардың қатарынан көрінді, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматы, NEGE. Иә, пандемияға қарамастан бір ғана қаңтар айында 4,5 мыңға жуық отандасымыз Үнді мұхитына шомылып, Мальдив күніне қыздырынып қайтқан. Бұл – төртінші орын. Көшбасшы – теріскейдегі көрші. Жылдың алғашқы айында жұмақ аралдарына 21 мың ресейлік жол тартқан. 19 мың туристпен екінші орында Үндістан тұр. Украинадан 7200-ден астам адам келген. Бізден кейін үздік бестікті Румыния азаматтары тұйықтап тұр.

Бұл елдерден келген демалушылар Мальдивтегі барлық туристердің 35 пайызын құраған. Ал пандемияға дейін аталмыш аралдар еуропалықтар мен қытайлықтар арасында аса танымал болған. Сарапшылардың пікірінше Еуропа елдерінде вакцинацияның басталғанына қарамастан, кәрі құрлық тынығушыларының артуы екіталай. Керісінше, жоғарыда аталған 5 елдің азаматтары ақпан айы мен көктемде Мальдив курорттарына ағылуды азайтпайды деген болжам бар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр