453 мыңнан астам қазақстандық ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген
Қазақстанда жұмыссыздар саны 453,1 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 4,9%, деп көрсетілген ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының хабарында.
Алматы, NEGE. «Жұмыссыздар саны 453,1 мың адамға тең. Жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды – 4,9%. Жұмыссыз жүргендер, бірақ жұмыс іздемегендер немесе жұмыс жасауға дайын болмағандар саны 63,1 мың», - деп нақтылады статистика мамандары.
Ресми түрде жұмысқа тұрмағандар, жұмыс көлемінің аз болуынан аз сағат жұмыс жасағандар, ыңғайлы жұмыс кестесімен жүргендер саны 2022 жылдың І тоқсанында 254 мың адам.
2022 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан экономикасында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар 6,7 млн адам, өз бетімен жұмыс істегендер – 2,1 млн адам.