430 мың қала тұрғынын тұмауға қарсы екпе салдырады

Бүгін, яғни 2020 жылдың  15 қыркүйегінде Алматыда қала тұрғындарын тұмауға қарсы ауқымды вакциналау басталды. Вакциналау осы  жылдың 1 желтоқсанында аяқталады.

Алматы, NEGE. Олардың арасында:

- 65 жастан асқан 264 652 адам;
Созылмалы аурулары бар 125 549 адам;
- 19 281 жиі ауыратын балалар;
- 9 310 медицина қызметкері;
- Жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместріндегі 7 472 жүкті әйелдер;
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, сәбилер үйлерінің 2 289 баласы;
- 1 447 медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары.

Қауіп тобындағы адамдарды тегін  вакциналау үшін мыналар қажет:
- тіркелген орны бойынша емхананың тіркеу бөлімімен алдын ала байланысып, терапевтпен қабылдау тағайындау;
- катаральды құбылыстардың жоқтығын растау үшін терапевттің тексеруінен өтіңіз.

Қосымша ақпарат алу үшін колл-орталыққа 8 (727) 300-0505 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Тұмауға қарсы вакцина ЖРВИ ауруының өсуін азайту және тұмау вирусының коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қажет. Бұл ауру кейіннен пневмония түріне  асқынуына әкелуі мүмкін.