42 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Солтүстік-батыс циклонмен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз болады.

"Тәуліктік ауа температурасы солтүстікте 23-30 градус, облыстың оңтүстігінде 33 градус, орталықта 27-35 градус, шығыста 28-33 градус, оңтүстікте 36 градус, 37-42 градусқа дейін ыстық болады.Тек республиканың шығысында түнде топырақ бетінде үсік сақталады", - делінген хабарламада.