-42 градус аяз: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 7-9 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Суық Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді.

Республика бойынша тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады