42 адам қолдары байланған күйі жерленген

Ұлыбританияның оңтүстік-шығысындағы Милтон Кейнс қаласының маңынан 42 мәйіт табылды. Қолдары байланған күйде жерленген адам сүйегі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған, дейді MK Citizen басылымына сілтеме жасаған Day.Az.

Алматы, NEGE. Аймақтық кеңес мүшесі Робин Стейберидің айтуынша, бұл адам қаңқалары – өлім жазасына кесілгендерге тиесілі болуы мүмкін.

«Бұл адамдар англосаксондық кезеңдердің немесе Азамат соғысының (17 ғасырдағы ағылшын төңкерісі - ред.) құрбандары болуы мүмкін» дейді Робин Стейбери. Сондай-ақ, кеңес мүшесі  жантүршіктірерлік бұл оқиға тарих парақтарын аршуға көмектеседі деп сенетінін айтқан.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін