42 500 теңгені 6 мың алматылық алды

6 мың алматылық 42 500 теңге төлем алып, 5,5 мың тұрғынға азық-түлік берілген, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысы Рахат Шимашевның айтуынша, тұрғындарға әлеуметтік қолдау белсенді түрде көрсетіліп жатыр.

"Карантин енгізілгелі call-орталыққа 11 мыңнан аса қоңырау келіп түсті. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына 5 825 хат келді. Көбі азық-түлік өнімдері мен әлеуметтік төлемді алу мәселесі бойынша хабарласып жатыр", - деді Шимашева.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?