42 500 теңге жыры: әр облысқа жеке Telegram-бот іске қосылды
2 500 теңге жәрдемақы алуға өтінім жіберу үшін әр облысқа арналған жеке Telegram-бот іске қосылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Бұл туралы сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook-тегі парақшасында жазды.
Алматы, NEGE. "Достар, өздеріңіз білетіндей, әлеуметтік төлем алуға өтінім беру арналарының санын арттыру мақсатында бүгін біз Telegram арнасынан жаңа Bot іске қостық. 44 433 өтінім қабылданды, олар міндетті түрде өңделеді.
Бізге қазір Bot-тың өте баяу жұмыс істеп тұрғаны туралы азаматтар шағымданып жатыр. Бұл пайдаланушылар санының көптігіне байланысты. Сондықтан біз жүктемені азайту мақсатында Bot-ты аймақтарға бөлу туралы шешім қабылдадық. Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, Еgov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасады.
Сіздерден тексерілген сілтеме арқылы өтулеріңізді сұраймын, себебі кей "пысық" азаматтар өз арналарына жазылушыларды көптеп тарту үшін фэйк аккаунттарды іске қосып жатыр", - деп жазды Асқар Жұмағалиев.
2 https://t.me/JambylObl42500Bot
3 https://t.me/Kostanai42500Bot
4 https://t.me/Karagandy42500Bot
6 https://t.me/Turkistan42500Bot
8 https://t.me/Pavlodar42500Bot
9 https://t.me/Mangystau42500Bot
11 https://t.me/Qyzylorda42500Bot
14 https://t.me/NurSultan42500Bot
15 https://t.me/Shymkent42500Bot
16 https://t.me/Almaty42500Bot