41 үйдің ауласы абаттандырылды

Бүгін Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Сайрам көшесінің бойында орналасқан №165 көпқабатты үйдің ауласын  абаттандыру нысаны және балалар ойын  алаңшасы ашылды.

Шымкент, NEGE. Ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының  «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Шунгараева Гүлайым Әскерқызы, Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайшыбеков Зұлпыхар Сарсенбайұлы қатысып, тұрғындарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесімен құттықтады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Еңбекші ауданында 2021 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында көпқабатты 41 үйдің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары жаңалануда. 

Бүгінгі таңда 24 үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.  
Одан бөлек, жыл соңына дейін 17 көпқабатты үйлердің ауласындағы абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазір оқып жатыр

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді