40 жолаушысы бар автобус жүргізушісі мас болған

Тәртіп сақшылары болуы ықтимал апаттың алдын алды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны жолаушыларды ішімдік ішіп алып тасымалдаған. Оны полицейлер Астана-Петропавл автожолының 232-шақырымында тоқтатты.

Van Hool автобусын тізгіндеген жүргізушінің құжаттарын тексеру және әңгіме барысында одан алкогольдің иісі шыққан. Ол Бурабай ауданының ауруханасында медициналық тексеруден өтіп, дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас халде екенін растаған. Осылайша, тәртіп сақшылары болуы ықтимал автобус апатының алдын алды.

Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды, - делінген полиция хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?