4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына қазақстандық спортшы Әділет Алмат алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан дзюдо федерациясы

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

«81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына юко және вазари әдісін жасап, жеңіске жетті», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл спорт түрінен 2022 жылы Данияр Шамшаев Азия чемпионы атанған еді. Ал Әділет Алмат 2023 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты