3 жасөспірім жазылып шықты

Алматыда бүгін коронавирус инфекциясынан толық сауыққан 9 пациент стационардан шығарылды.

Алматы, NEGE. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазылғандардың бесеуі - әйел, біреуі - ер адам болса, қалғаны - кәмелет жасына толмаған 16 жастағы 2 жасөспірім мен 17 жастағы қыз. «Оның төртеуі - 27 наурызда Санкт-Петербордан, екеуі - 24 наурызда Дубайдан және Мәскеуден, біреуі - 20 наурызда Ыстанбұл-Тбилиси-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген және екеуі инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған», - дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Науқастар ауруханада 16-18 күн емделген. Олардың барлығы 14 күндік үй карантиніне шығарылды. Дәл қазіргі сәтте Қазақстанда 81 адам, оның ішінде Алматыда 37 науқас коронавирус инфекциясынан жазылған.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты