3 жасар қызды жүк пойызы басып кетті

Тараз қаласында үш жасар қызды жүк пойызы басып кетті.

Алматы, NEGE. Ауыр жарақат алған сәби оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы жағдай Құмшағал бекетінде орын алған. Тараз станциясы желілік полиция өкілдерінің айтуынша, қыздың анасы теміржолда тұрған вагондардың астынан өтпек болған. Сол мезетте пойыз қозғалып кетіп бүлдіршінді басып кеткен. Қазір баланың анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі, яғни теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта осы іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ