3 өңір ғана жасыл аймақта тұр

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуал қалай?

Алматы, NEGE. 5 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта : Жамбыл, Маңғыстау облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Түркістан облыстары.