3 мыңнан астам музей экспонаты ұрланған

Өзбекстандағы 14 мұражайдан 3 мыңнан астам бірегей мәдени қазына тоналған, деп хабарлайды республика басшысының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Мәдени мұраға 30 жыл ішінде келген шығын 4 трлн сумнан (шамамен 357 млн $) асады. Мәдени мұраларды ұрлаудың ауқымы туралы мәліметті Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдегі туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтты.

«Тексеру барысында республиканың 14 музейінде 3 мыңнан астам бірегей мәдени құндылықтар тоналғаны анықталды. Атап айтқанда, Бұхара мемлекеттік мұражайында жалпы сомасы 31,5 млрд сумға бағаланатын 81 мәдени мұра заты анықталды. «Ичан-Кала» мемлекеттік музей қорында 101 музей заты түпнұсқаға сәйкес келмейтіні белгілі болды. Жалпы, 30 жыл ішінде мәдени мұра объектілеріне келген шығын көлемі 4 триллион сумнан асты», – деді Шавкат Мирзиёев.

Ол Бас прокуратура мен Туризм және мәдени мұра министрлігі бастаған комиссияға жыл соңына дейін мұражайлардағы бүкіл жәдігерлерді түгендеп, олардың электронды базасын жасауды тапсырды.

«Бұдан былай облыс әкімдері мұражайлардағы жағдайға дербес жауапты болады», – деді Шавкат Мирзиёев.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін