3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілген

Елімізде 3 мыңнам астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Биыл түрлі қиын жағдайда тап болған 3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді. Жалпы, орталық қызметін алғысы келген азаматшалар өз бетінше немесе тәртіп сақшылары арқылы жүгіне алады. Дағдарыс орталығы отбасылық зорлық-зомбылық көрген немесе өмірде түрлі қиындықтарға ұшыраған әйелдерге қол ұшын созуға дайын», - деді А. Милюк ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 49 дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр, оның 39-ның уақытша баспанасы бар. «Ел аумағындағы барлық дағдарыс орталықтарының тізімі мен байланыс телефондарын министрліктің және өңірлердегі полиция департаменттерінің ресми сайтынан табуға болады», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін