18 августа 2022 г. 13:59
3 миллиард теңгеге салынған: Талғардағы мектепті прокуратура тексереді
Прокуратура Талғардағы мектеп құрылысының сапасын тексеруге кірісті.
Алматы, NEGE. "Алматы облысының прокуратурасы Талғар қаласында 1 200 орындық мектеп құрылысының сапасын бақылауға алды. Құны 3,1 миллиард теңге болатын мектептің құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталған. Қазіргі уақытта шатырдың сапасы, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру бойынша ақаулар анықталды. Тиісті шаралар қабылдау үшін тексеруге уәкілетті органдардың мамандары тартылды", - делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.
Прокуратур тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен халықты хабардар етуге уәде берді.