3 күнге арналған ауа райы болжамы хабарланды

Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Алматы, NEGE. Қазгидромет мамандары 12-14 сәуір аралығындағы ауа райын болжады.

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады: жаңбыр жауады, оңтүстік бөлігінде найзағай ойнайды, екпінді жел болып, арты жаңбырға ұласады.

Республиканың солтүстік-шығысында ғана күн ашық болады.

Барлық өңірде тұман түседі, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 10... 18C-тан 18... 26C-қа дейін құбылады.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10... 17C-тан 15... 26 C-қа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында 22... 32C-қа дейін көтеріледі.

Алматыда 12-13 сәуірде жаңбыр жауады, түнде 15... 16C, күндіз 21... 23C көрсетеді.

14 сәуірде күн бұлтты, түнде 15C, күндіз 21C.

Нұр-Сұлтанда 12 сәуірде күн бұлтты, түнде 2C, күндіз 14C көрсетеді. 13 сәуірде түнде 6C, күндіз 16C болады.

14 сәуірде күн ашық, түнде 6C, күндіз 20C көрсетеді.

Шымкентте 12 сәуірде күн бұлтты, түнде 16C, күндіз 24C болады.

13-14 сәуірде күн ашық, түнде 14C, күндіз 25... 27C көрсетеді.