3 қалада жылдамдығы жоғары 5G интернет қолжетімді болады

Елімізде 5G интернет желісін орнатудың арқасында оның сапасы еселене түспек.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті«2022-2023 жылдары елімізде 5G интернет желісі орнатылады. Біз 3 қалада 5G жүйесінің көмегімен жоғары санатты интернетті ұсынатын боламыз. Бүгінде еліміздің кейбір өңірлерінде интернет жылдамдығы жоғары, сол көрсеткіш барлық жерде болуы керек. Ал қазіргі бар 4G интернет желісінің сапасы бірнеше есеге дейін артады. Тиісінше елімізде жоғары жылдамдыққа ие интернет пайда болады.

Қазірдің өзінде 4G-дің арқасында интернетте жаңа мүмкіндіктер, тіпті жаңа әлеуметтік желі пайда болып жатыр. Ал 5G интернет желісінің мүмкіндігі одан да көп», - деді Бағдат Мусин Хабар телеарнасында өткен «Национальный интерес» телебағдарламасының эфирінде. Бұған дейін министр не себептен Қазақстанда телефон коды 997 нөміріне ауыстырылғанын түсіндіріп берген еді. Сондай-ақ, Б. Мусин Б. Мусин бала дүниеге келе салып автоматты түрде балабақша кезегіне қойылатынын хабардар етті.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды