3 қалада метеожағдай нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 12 қарашада еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды.

Алматы, NEGE. Синоптиктер мәліметінше, жұма күні ауа сапасы Алматы, Шымкент, Балқаш қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.