39 қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері тоқтатылды
Қазақстанда 39 қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері тоқтатылды. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Экономикалық тергеу қызметі жұмысын қайта бағдарлауға қатысты түсінік берді.
Алматы, NEGE. «Соңғы жылдың ішінде 39 қылмыстық топты құрықтадық. Сонымен қатар, алкогольдік өнімді заңсыз даярлау бойынша жасырын 50 цехтың қызметіне тосқауыл қойылды. 746 заңсыз ойын орыны мен жалған ақша басып шығарған 5 цех жойылды», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Осы орайда ол Мемлекет басшысының тапсырамасы аясында бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілетінін атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Е. Жамаубаев Экономикалық тергеу қызметінің жұмысына қатысты түсінік берген еді. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Экономикалық тергеу қызметінің жұмысын көлеңкелі экономикамен күреске қайта бағдарлауды тапсырған болатын.