39 градус температурамен 2 қызды ұзатқан кім?
Желіде, нақтырақ айтқанда журналист Айгүл Мүкейдің instagram парақшасында таңнан бері талас-тартыс, дау-дамай болып жатыр.
Алматы, NEGE. Айгүл Мүкей парақшасына бір фото жүктеп: «Қыздар, поймите, что это страшная болезнь... Вы еще молодые, обойдетесь температурой... а взрослые люди умирают...» деп жазды. Интернет қолданушыларын ашындырған фотодағы өнерпаздың сөзі. «39 градусс температурамен отырмын. Бүгін екі қызды ұзатуым керек. Подводит еткенді ұнатпаймын. Бұл да бір біреудің көптен күткен қуанышы емес пе?!» деп жазыпты өнерпаз өз суретіне.
Ашынған халық неше түрлі пікір қалдырып әлек. Қандай да бір себеппен Айгүл Мүкей өнерпаздың көзін жасырып қойған. Сол себепті оның кім екенін аңғару қиын. Бірақ, журналист жазбасында «бұл Қарақат емес» деп өткен. Белсенді топтың бір бөлігі, Айнұр Тұрсынбаева десе, енді бірі Тамара Асар деп жатыр. Тағы бір топ сурет карантинде емес, оған дейін түсірілген деген пікір қалдырыпты.
Ал, сіз кім деп ойлайсыз?