39 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер ауа райына байланысты болжамын жариялады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық, бұршақ, жел және найзағай болатыны туралы болжам жасады.

Көкшетау, Павлодар қалаларында, сол сияқты Жетісу облысында күн бұзылып, найзағай ойнайды.

Қостанай мен Қарағандыда найзағай, жел және өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Атырау, Семей қалаларында, Маңғыстау және Атырау облыстарында найзағай, жел, 38-39 градусқа дейін қатты ыстық және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Петропавл қаласында, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман, күшті жел және өрт қаупінің жоғары деңгейі күтіледі.

Жезқазған қаласында, Қарағанды, Абай, Қостанай, Ұлытау және Қарағанды облыстарында найзағай, бұршақ, жел, ыстық және төтенше өрт қаупі бар.

Қазір оқып жатыр

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді