38 млн теңгенің бетпердесі тәркіленді

Ұйымдасқан қылмыстық топ бұл заттарды Қазақстанның аумағынан заңсыз алып өтпекші болған. Ұсталғандардың барлығы бұрын ауыр қылмыс жасап, сотталған азаматтар екен.

Алматы, NEGE. Әрі діни ағымдардың жақтаушылары екені анықталды. Олар медициналық маскаларды отандық дәріханаларға жеткізуі тиіс кәсіпкерлерден бопсалау және алдау арқылы алған. Қазір ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі қолға түсіп, тергеу изоляторына қамалды.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: "Қылмыстық жолмен табылған ақшаның барлығын азаматтар өздерінің жеке қажеттіліктеріне жаратқан, негізі қымбат, бағалы киім киіп, содан соң қымбат мейрамханаларда көңіл көтерумен айналысқан екен бұл азаматтар. Қазіргі таңда олардың іс-әрекеттерне құқықтық тұрғыда баға берілетін болады. Уақытша қамау изоляторына оқшауланды бұл азаматтар" деді. 

Қазір оқып жатыр

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді