-37 градус аяз: Көкшетау мектептері түгел онлайнға көшті

Қатты аяздың болжануына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы барлық оқушы онлайнға көшірілді, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. «Ауа температурасының -37 градусқа төмендеуіне байланысты 8 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», –делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті 7-8 желтоқсан күндері өңірде -38 градусқа дейін қатты аяз болатыны туралы SMS хабарлама таратқан болатын.

Еске салайық, бейсенбі, 7 желтоқсанда Көкшетау мектептерінде екінші ауысым оқушылары мектепке барған жоқ.

Айта кетейік, ауа температурасының күрт төмендеуінен қазір Астанадан шығатын барлық республикалық жол жабық тұр. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар топ мүшелері ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды