3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 538 шақырымында 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.

Алматы. NEGE. «6 наурызда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен Алматы уақыты 3 сағат 26 минут 26 секундта (Гринвич уақыты бойынша 5 наурыз 21 сағат 26 минут 26 секунд) жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-шығысынан 538 шақырымында Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. Магнитудасы mpv 3,7», делінген бейсенбіде таратылған хабарда.

Хабарда нақтыланғандай, жел сілкінісі ошағының координаттары 47.03° с.б. 81.09° ш.е., тереңдігі 5 км.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.

 

Қазір оқып жатыр

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды