36 мың ірі қара сатып алады

Жамбыл облысында соңғы үш жылда шет елден 6 мыңға жуық мүйізді ірі қара сатып алынды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев хабарлады.

  

Алматы, NЕGE. Жамбылдық шаруалар мал қыстатуға  1 млн 700 мың тоннаға жуық шөп жинады СҚО шетелден асыл тұқымды 4,5 мың ірі қара сатып алады Түркістан облысында ветеринариялық ахуал тұрақты – әкімдік Төлеби ауданында ірі қараны бордақылап, саудалайтын шаруалар көбейді Облыста ет өнімін дамыту картасы әзірленген. 2018-2027 жылдар аралығында ет бағытына бағытталған 3 мың фермер шаруашылығы ұйымдастырылып, шетелден жалпы 36 мың бас мүйізді ірі қара сатып алу жоспарланып отыр. Осы шаралардың нәтижесінде өндірістік бордақылау алаңдарында өндірілетін сиыр еті 2,7 мың тоннадан 16,8 мың тоннаға, экспорт көлемі 2,5 мың тоннаға жеткізілме «Аймақта мал басы саны артып келеді. Биылғы жылы облыстағы мүйізді ірі қара саны – 400,8 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы шетелден биыл жыл басынан бері 2 923 бас мүйізді ірі қара малы әкелінді. Нәтижесінде, асыл тұқымды мал басы артып, соңғы үш жылда шетелден 6 мыңға жуық МІҚ жеткізілді», – деді Б.Нығмашев. Басқарма басшысы осылардың негізінде облыста 5 репродуктор-шаруашылық құрылып, облыста асыл тұқымды МІҚ малының жалпы пададағы үлес салмағы – 26 пайызды құрап, республикада алдыңғы қатардан көрінгендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Ырыс» бағдарламасы бойынша заманауи 2 сүт тауарлы фермасы құрылып, қазіргі уақытты Байзақ ауданындағы «Ақжар» және Жамбыл ауданындағы «Бірлік» шаруа қожалықтары игілігін көріп жатыр. «Ағымдағы жылы 1500 тонна сиыр және 2000 тонна қой етін экспорттау жоспарланса, жыл басынан 2106,8 тонна ет Иран, Бахрейн, Катарға, Біріккен Араб Әмірліктері және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне экспортталды. Оның 1127,7 тоннасы сиыр, 979,1 тоннасы қой еті. Облыста сыйымдылығы 27,0 мың басты құрайтын, 11 ірі бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Бүгінгі күні бұл алаңдарда 3 523 бас бұқашық бордақылануда», – деді басқарма басшысы.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты