35 мұғалімнен коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында ақпан айында 35 мұғалімнен коронавирус табылды.

Алматы, NEGE. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, осы айда өңірде барлығы 1187 адамның коронавируспен ауырғаны тіркелді.

Үшінші тоқсан басталған 11 қаңтардан бері 197 оқушының індет жұқтырғаны белгілі болды.

Соның ішінде 107-сі дәстүрлі сипатта, 90-ы қашықтан оқиды.

Коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 8 ақпандағы қаулысына сәйкес бір адамнан коронавирус анықталған жағдайда сол мектеп 14 күнге карантинге жабылады.

Облыста 8 ақпаннан бері 17 мектеп карантинге жабылды. Соның 8-і Орал қаласында, қалғандары аудандарда.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды