350-ден астам әйелге құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының сенім телефоны бар. Жыл басынан бері осы сенім телефонына хабарласқан 350-ден астам әйелге құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді. Бұл туралы Аntikor.live жобасында Нұр-Сұлтан полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова айтты.

Алматы, NEGE. «Отбасылық, тұрмыстық салада сізге қандай да бір құқық бұзушылық жасалған болса – бірден 102 нөміріне хабарласыңыз. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының сенім телефоны бар. 71-60-63 нөміріне ашық түрде де, аноним түрде де хабарласа аласыз. Жыл басынан бері осы сенім телефонына хабарласқан 350-ден астам әйелге құқықтық, психологиялық көмек көрсеттік», – дейді Нұр-Сұлтан полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

Оның айтуынша, көп әйел өзіне жасалған құқық бұзушылыққа көніп жүре береді. «Көне берудің соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Отбасылық жанжал тек әйелге ғана емес, отбасының басқа мүшелеріне де кері әсерін тигізеді. Анасының таяқ жегенін көру, нормативті лексикаға жатпайтын сөздерді есту баланың психикасына кері әсер етеді», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды