34 млн теңгенің дәрісі тәркіленді

Түркістан облысында контрабандалық дәрі-дәрмек тәркіленді.

Алматы, NEGE. Полиция Сарыағаш ауданында жолдың бойында жүк көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде тиісті құжаты жоқ 254 қорапша дәрі-дәрмек табылып, тәркіленді. Жүргізушінің айтуынша, ол Шымкент тұрғынымен келісіп, Сарыағаш ауданынан Түркістанға белгіленген ақыға жүк жеткізбек болған. Дәрі-дәрмектің ішінде: бисокодил, бисептол, кетонал, глицин, вольтарен, попадол және басқалары болды. Жүк Өзбекстан азаматына тиесілі екендігі және Ресейден көрші республикаға контрабандалық жолмен тасымалданғаны анықталды. Дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Контрабандалық жүктің жалпы құны шамамен 34 миллион теңге»- деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Қазіргі уақытта аталған факті Сарыағаш аудандық ПБ-да тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды