«34 мектептің жөндеу жұмыстары созылып кетті» – Олжас Бектенов әкімдерге тездетіп аяқтауды және жұмыс сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр еліміздің мектептерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бірқатар өңірде 34 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу екені айтылды. Бұлар – Алматы қаласы, Абай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Аталған өңір әкімдері жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуын тікелей бақылауына алсын. Сонымен қатар физика, химия, биология, робототехника сияқты арнаулы кабинеттерді дер кезінде сатып алу да өзекті мәселе. Қыркүйек айына дейін кемінде 200 пәндік кабинетті жабдықтау қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

Сенатор зейнетке жасқа емес, еңбек өтіліне қарай шығаруды ұсынды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді