33 мың жүкті әйел вакцина салдырды

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 9 408 338 адам, екінші компонентін 9 036 763 адам салдырды.

Алматы, NEGE. 6 наурызға дейін «Pfizer» вакцинасының I дозасын 878 781 адам, ІІ дозасын 658 344 адам алды.

 Оның ішінде: І компонент

- Жасөспірімдер – 727 780

- Жүкті әйелдер – 33 295

- Бала емізетін әйелдер – 114 733.

ІІ компонент

- Жасөспірімдер – 550 539

- Жүкті әйелдер – 24 645

- Бала емізетін әйелдер – 83 092.