31 млн теңге жымқырған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Астанадағы банктің бұрынғы менеджері 31 млн теңге жымқырды деген күдікпен Ресейден экстрадицияланды.

Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Еліміздің Бас прокуратурасы жариялаған ресми мәлімет бойынша күдікті 2015-2017 жылдары 31 миллион теңгеден астам банк қаражатын иемденіп, талан-таражға салған. Артынша қашып кеткен.

Халықаралық іздеу жарияланып, күдікті былтыр маусым айында Мәскеу қаласында ұсталды. Еліміздің Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Қылмысы дәлелденсе, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін