30-ға жуық анықтама жойылады

Осы жылдың соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрі жойылады.

​Алматы NEGE. Осы жылдың соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрі жойылады.

«Жылдың соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрін беруді алып тастау жоспарлануда. Азамат қажет ететін мәліметтермен тікелей телефоны арқылы анықтама сұратпай-ақ бөлісе алады. QR-кодты көрсетіп, әлде мессенджер арқылы ұсынатын болады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, онлайн қызметтер әрқашан да қолжетімді болуы тиіс.

«Бүгінгі таңда еgov-та қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 500-ден астам ақпараттық жүйе мен 1500-ден астам интеграция жұмыс істейді. Яғни, еgov - бұл тек бет жағы, бірыңғай терезе сияқты. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттігін 99,9 пайызға дейін көтеру қажет», - деді Бағдат Мусин.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды