7 августа 2023 г. 15:39

30 тамыздан бастап жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салынады

Фото:
30 тамыздан бастап жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салынады

.

Алматы, NEGE. Электр самокаттары мен шағын электр көліктерін қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптар бекітілді.

Енді құқық бұзған көлік иелері жауапқа тартылып, 3 АЕК (10 350 теңге) не 5 АЕК  (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Скутер  пайдаланушылары үшін арнайы мобильді қосымша арқылы хабарламалар жіберу қарастырылып жатыр. Бұл ретте скутер арнайы бөлінген орындарға қойылмаса, сапар аяқталмайды (ақы алу жалғасады).

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі тәртіп бұзушыларды қамтитын электр самокаттардың "қара тізімін" жасауды жоспарлап отыр.

Тегтер: