30 адамды өрттен құтқарған полицей марапатталды

Қостанай облысының Полиция департаментінде Конституция күніне орай үздік қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Салтанатты іс-шара ведомстволық музейде өтті. Облыс ПД бастығының м.а. Нығмет Исмагулов өз сөзінде Конституция еліміздің тарихи перспективадағы сенімді ілгерілеуінің кепілі болғанын атап өтті.

– Полиция қызметкерлері әрдайым азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ете отырып, қылмыспен күресте алдыңғы қатарда, — деп атап өтті полиция полковнигі.

Іс-шарада мінсіз қызметі мен жоғары көрсеткіштері үшін үздік полицейлер марапатталды. “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен патрульдік полиция инспекторы Нұрбек Есқабыл марапатталды. Полицей биыл әріптесіменбірге өрттен 76 жастағы зейнеткер мен сәбиді құтқарған. Жанып жатқан үйден барлығы 30-дан астам адам эвакуацияланды.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады