30 жаста – 9,75 млн теңге: Қазақстанда жеткіліктілік шегі өсті

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жаңартты. Енді қазақстандықтарға зейнетақы шотындағы ақшаның бір бөлігін мерзімінен бұрын алу қиындайды.

gov.kz

Астана, NEGE. Жаңа шек салымшының жасына қарай есептеледі. Адам зейнет жасына жақындаған сайын шотта қалуға тиіс ең төменгі сома да көбейеді.

Мысалы, жаңартылған көрсеткіш бойынша:

  • 30 жастағы азамат үшін жеткіліктілік шегі – 9,75 млн теңге;
    40 жаста – 13,37 млн теңге;
    50 жаста – 17,59 млн теңге;
    60 жаста – 22,5 млн теңге.

Яғни осы сомадан асқан жинақ қана тұрғын үй алуға немесе емделуге пайдаланылуы мүмкін. Шоттағы ақша жеткіліктілік шегінен аспаса, оны мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды.

Жаңа тәртіп 5 маусымнан бастап қолданыла бастады. Осы күннен кейін берілген өтінімдер жаңартылған жеткіліктілік шегі бойынша қаралады.