30 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей аудандарда бұршақ түсуі мүмкін.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметіне сәйкес, республикамыздың тек оңтүстігінде күн ашық болады. Есесіне елдің оңтүстік аймақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жекелеген аймақтарында өрт шығу қаупі бар.

Астанада күн бұлтты, күндіз жауын жауады. Ауа температурасы 23 25°С. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, түнде 3-8 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы 30 32°С. Күндіз желдің жылдамдығы 12 м/с, түнде 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы 34 36°С. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған